ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТӘРТІБІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Платформада Тапсырыстарды төлеу Тапсырысты рәсімдеу сәтінде қолжетімді төлем құралдарын, оның ішінде VISA және MasterCard банк карталарын, сондай-ақ Платформаның функционалында көзделген өзге де төлем тәсілдерін пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.
Банк картасымен төлем банк-эквайердің және/немесе төлем провайдерінің қорғалған төлем парақшасы арқылы жүзеге асырылады.
Төлем жасау үшін Сатып алушыдан операцияны жүргізуге қажетті банк картасының деректерін енгізу талап етілуі мүмкін. Сұратылатын деректердің тізбесін банк-эквайер және/немесе төлем провайдері айқындайды.
Төлемді растау мақсатында Сатып алушының банк картасын шығарған банк қосымша аутентификациядан өтуді, оның ішінде 3-D Secure технологиясын пайдалануды талап етуі мүмкін. Операцияны растау тәсілін банк айқындайды және ол растау кодын, банктің мобильді қосымшасындағы хабарламаны, биометриялық сәйкестендіруді немесе банк көздеген өзге де тәсілді қамтуы мүмкін.
«Kulymb Food» ЖШС Сатып алушыдан CVV/CVC кодын телефон байланысы, мессенджерлер, электрондық пошта немесе әлеуметтік желілер арқылы сұратпайды.
Төлем, оның ішінде мынадай жағдайларда қабылданбауы мүмкін:
- Банк картасында Тапсырысты төлеуге жеткілікті қаражат болмаған жағдайда.
- Картаны шығарған банк интернет-төлемдерге немесе нақты операцияны жүргізуге шектеу қойған жағдайда.
- Банк картасының деректері қате енгізілген жағдайда.
- Банк картасының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда.
- Операцияны банк, төлем жүйесі, банк-эквайер немесе төлем провайдері қауіпсіздік талаптарына байланысты не өзге де негіздер бойынша қабылдамаған жағдайда.
Төлемнің қабылданбау себебі туралы ақпарат алу үшін Сатып алушыға банк картасын шығарған банкке жүгіну ұсынылады.
Тапсырысты төлеу және Платформаның жұмысына байланысты мәселелер бойынша Сатып алушы «Kulymb Food» ЖШС қолдау қызметіне мына телефон арқылы хабарласа алады: +7 700 403 34 24.
Сатып алушының дербес деректерін өңдеу «Kulymb Food» ЖШС-нің Дербес деректерді өңдеу және қорғау саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
Банк картасының деректерін банк-эквайер және/немесе төлем провайдері тиісті қауіпсіздік талаптарына және тиісті төлем жүйелерінің қағидаларына сәйкес өңдейді.
АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫ ҚАЙТАРУ ҚАҒИДАЛАРЫ
«Kulymb Food» ЖШС ақшалай қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында, Жария оферта талаптарында және осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және тәртіппен қайтарады.
Платформа арқылы сатылатын тауарлар негізінен тамақ өнімдері мен дайын тағамдар болып табылатындықтан, тиісті сападағы тауар Сатып алушыға берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайтаруға немесе айырбастауға жатпайды.
Сатып алушы, оның ішінде мынадай жағдайларда, Тауарды ауыстыруды, Тапсырыс құнын азайтуды немесе ақшалай қаражатты қайтаруды талап етуге құқылы:
- Сатып алушыға сапасы тиісті емес Тауар берілсе;
- Тауар рәсімделген Тапсырысқа сәйкес келмесе;
- Тапсырыста төленген Тауар немесе Тапсырыстың бір бөлігі болмаса;
- Тауардың саны Тапсырысқа сәйкес келмесе;
- Тауардың жарамдылық мерзімі өтіп кетсе;
- Тауар қауіпсіздік немесе сапа бойынша міндетті талаптарға сәйкес келмесе;
- Тапсырыс төленгенімен, Сатушы жауап беретін мән-жайларға байланысты Сатып алушыға берілмесе;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында ақшалай қаражатты қайтарудың өзге де негіздері көзделсе.
Тапсырыстың сапасына немесе жиынтықтылығына қатысты талаптар болған жағдайда Сатып алушыға Тапсырысты алғаннан кейін мүмкіндігінше қысқа мерзімде қолдау қызметіне хабарласып, Тапсырыс нөмірін, мәселенің сипаттамасын және бар болған жағдайда фото немесе бейнематериалдарды ұсыну ұсынылады.
Фото немесе бейнематериалдардың болмауы Сатып алушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтарынан айырмайды.
Егер «Kulymb Food» ЖШС Сатып алушының наразылық талабымен келіспесе, дәлелді жауап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде беріледі.
Банк картасымен төленген жағдайда қаражатты қайтару
Егер Тапсырыс банк картасымен төленген болса, ақшалай қаражат қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлем жасалған банк картасына немесе төлем құралына қайтарылады. Бастапқы төлем банк картасымен жүргізілген жағдайда Тапсырыс құнын қолма-қол ақшамен қайтаруға жол берілмейді.
Қайтару мақұлданғаннан кейін «Kulymb Food» ЖШС банк-эквайер және/немесе төлем провайдері арқылы қаражатты қайтару операциясын бастайды.
Ақшалай қаражаттың Сатып алушының шотына нақты түсу мерзімі картаны шығарған банкке, төлем жүйесіне және төлем провайдеріне байланысты және Сатушы қайтару операциясын бастаған күннен өзгеше болуы мүмкін.
Егер Тапсырыс Apple Pay немесе өзге электрондық төлем құралы арқылы төленген болса, қаражат тиісті төлем құралы арқылы банк-эквайердің, төлем жүйесінің және төлем провайдерінің техникалық қағидаларына сәйкес қайтарылады.
Ақшалай қаражатты қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Kulymb Food» ЖШС-нің Жария офертасына және тиісті төлем жүйелерінің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.